Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығына азаматтарды жеке қабылдауға 1500-ден астам адам түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстарымен жүгінді. Көптеген өтініштер қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды.
Жеке қабылдау барысында облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов өтініш білдірген азаматтардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, әр жағдайдың мәнін мұқият зерттеп, олардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.
Бірқатар шағымдар бойынша полиция департаментінің бастығы қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді, ал егжей-тегжейлі талқылауды қажет ететін қалған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері белгіленді.
Полицейлер атап өткендей, азаматтардың шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға дер кезінде ден қою халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
Сонымен бірге, Түркістан облыстық полиция департаментінде жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өтті.
Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Жұмаділлаев жеке құрам қызметкерлеріне діни экстермизмнің алдын алу бойынша түсіндірме жүргізді.