Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысында бір тәулікте 270-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында бір тәулікте 270-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер қылмысының жолын кесу мақсатында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Полиция іс-шараның алғашқы тәулігінде 276 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 235 фактісі анықталды.
Бұдан басқа, 25 ата-анаға қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі талаптарды тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ «Ұсақ бұзақылықтың» 9 фактісі жойылды. Қоғамдық орында мас күйінде болудың 5 фактісі анықталды. Құқық бұзушылық жасауға бейім 14 жасөспірім мен қолайсыз 11 отбасы профилактикалық есепке алынды.
Жалпы тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 100-ден астам кәмелетке толмағандар мен 120 қолайсыз отбасы тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Соынмен бірге, Жетісай ауданының полиция қызметкерлері жастардың автокөлік жарысының жолын кесіп, жол көлік оқиғасының алдын алды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Түркістан облысы Жетісай ауданының полициясы әртүрлі қалалардан келіп, заңсыз автожарыс ұйымдастыруға тырысқан көліктер ағынын тоқтатты.
Анықталғандай, олар «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы бірқатар автокөлік жүргізушілерін заңсыз автожарыс ұйымдастыруға шақырған. Ал полиция дереу сол жерге келіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылардың әрекеттерін тоқтатты.
Нәтижесінде полицейлер жарысқа шығып бара жатқан 8 автокөлікті айыптұраққа қойып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.
Полиция барша жүргізушілерге жол ережесін үнемі сақтауға және жол көлік оқиғасына алып келетін маневрларды жасамауға шақырады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*