Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы жалғасуда

Түркістан облысында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы жалғасуда

Түркістан облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта көшелерде немесе ойын-сауық орындарында ата-аналарының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтауға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Полицейлер қоғамдық көмекшілермен бірге саябақтарды, скверлерді, компьютерлік клубтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, ойын-сауық орталықтарын және кәмелетке толмағандар баруы мүмкін басқа да орындарды тексеруде. Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілді. Ал олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Мәселен Түркістан қаласында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының 30-ға жуық фактісі анықталды. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер жасалды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 20-ға жуық кәмелетке толмаған мен 10 қолайсыз отбасы тексерілді. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс — шара алдағы уақытта да жалғасады», — деп атап өтті Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.
Ал, Келес ауданында «Түнгі қаладағы балалар» ісшарасы кезінде 21 ата-анаға хаттама толтырылды.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Учаскелік полиция инспекторлары аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер шара барысында кәмелетке толмағандар мен жастардың уақыт өткізетін жерлерін (кафелер, барлар, мейрамханалар, компьютер клубтар,) тексеруге алды.
Аталған іс-шара кезінде полицейлер қадағалаусыз жүрген 21 жасөспірімді анықтап, ата-аналарына шара көрілді.
Айта кетсек, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізеді. Ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды, оларды қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*