Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕНТАУДА ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРГЕН 20 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

КЕНТАУДА ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРГЕН 20 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондаучаскелік полиция инспекторлары жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасап, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекетсіз жүретін жасөспірімдерді анықтап, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алды.
Мәселен шара кезінде кәмелетке толмаған 20 жасөспірім жеткізіліп, 13 ата-ана мен ойын-сауық орындарының иелеріне шара көрілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*