Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АНАСЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АЛЫП БЕРМЕГЕНІ ҮШІН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ ҮЙІНЕН КЕТІП ҚАЛҒАН

АНАСЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АЛЫП БЕРМЕГЕНІ ҮШІН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ ҮЙІНЕН КЕТІП ҚАЛҒАН

Түркістан қалалық полиция басқармасына кешкі сағат 19:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. 13 жасар жасөспірім қызының анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін деген жерлерді қарап, жақын достарынан, туыстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, оның саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Тексеру барысында жас қыз анасына ұялы телефон алып бермегені үшін ренжісіп үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды.
Қазіргі таңда жас қыз аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге анасы алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына проилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*