Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Облыс полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады

Облыс полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді.
Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды.
Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты — тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау.
«Жолда қабылдау» акциясы аясында жүргізушілерге жаднамалар таратылды.
Бұл жолғы акцияны Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пайдалы әрі ерекше шарамен өткізді.
Нақтырақ айтсақ, республикалық маңызы бар трасса бойында жүргізушілерге «Жолда абай болыңыз!» тақырыбында жаднамалар таратылды. Жол апаттары көбіне үлкен жол бойында орын алатындықтан, көлік иелеріне жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпай, сергек күйде көлік басқару керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар күннің ыстығы ескеріліп, жүргізушілерге су үлестірілді.
Айта кетсек, іс-шара келесі айда да өткізіліп, жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*