Жетісай ауданының полициясына жәбірленуші әйел хабарласып, көшелердің бірінде белгісіз адам құны 95 мың теңге болатын ұялы телефонын күшпен тартып алғанын хабарлады.
Бұл факт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Кездейсоқ өтіп бара жатқан адаммен болған жанжал кезінде, күдікті одан Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа өткізгені белгілі болды. Содан кейін ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Жәбірленушінің ұрланған ұялы телефоны тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.