Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында, құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады.
Полиция күдіктінің ауласын тінту барысында, 5 литрлік контейнерден құрамында есірткіге ұқсас өсімдіктің үш түбін тапты. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері жалпы салмағы 65 грамнан асатын «сора» болып шықты.
Анықталғандай, жас жігіт есірткі өсімдігін елді мекендердің бірінен тауып, үйіне әкеліп, өз ауласына отырғызған.
Қазіргі таңда құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Сонымен бірге, Келес аудандық полиция юөлімінің мамандары бір тұрғынынан марихуана салынған пакет тәркіледі.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде полицейлер, аудан тұрғынының құрылысы бітпеген тұрғын үйіне жасырылған, ішінде есірткіге ұқсас заты бар пакетті тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, есірткінің жалпы салмағы шамамен 14 грамм «марихуана» болып шықты. Ер адам өз жауабында, аталмыш есірткіні мал жаю кезінде тауып алып, өзі тұтыну үшін сақтағанын жеткізді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.