Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында 23-28 шілде аралығында Түркістан облысы аумағында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
2024 жылдың 23 мен 28 шілде аралығында жергілікті атқарушы органдар және басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен бірлескен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты, Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін, адам тасымалдайтын автобус жүргізушілерімен кеңестер жүргізу.
Техникалық жағдайы және конструкциясы бекітілген жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін, Заңсыз қайта жабдықталған автобустармен жолаушылар тасымалдайтын басқа да автокөліктерді (такси) пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау.
Рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына және сапарға шығатын автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексерілгеніне ерекше назар аудару болып табылады.
Сондай-ақ, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеруден өткізу, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылайды.
Құрметті жүргізушілер!
Автокөлікті басқару кезінде жылдамдықты асырмай, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап,өзге жол жүрісі қатысушыларына сыйластық танытып, жол көлік оқиғасын алдын алуға шақырамыз!
Айта кетейік, «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының маңызы зор. Жүргізушілердің жол ережесін сақтауда ескерілетін мәселелер назардан тыс қалмайды. Жолаушыларды тасымалдау үшін автобус жүргізушілерге қойылатын талап жоғары. Сондықтан аудан бойынша автобус жүргізетін жандар іс-шара өту барысында керекті ақпаратты сала мамандарынан алуға болады.