Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ» КҮНІ МҰРАЖАЙ АРАЛАДЫ

«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ» КҮНІ МҰРАЖАЙ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласында әскерилер Наурыз мерекесін ерекше тойлады. «Тарихқа тағзым» күніне орай 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы отбасы мүшелерімен бірге тарихи — өлкетану мұражайына барды, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.

Әскерилер алдымен XV ғасырдағы Қазақ хандығы туралы сыр шертетін «Қазақ хандығы және қазіргі заман» атты залда орналасқан мұрағаттармен танысудан бастады. Ол жерде сол заманға тиесілі жәдігерлер, көне кітаптар, қыш құмыралар мен қару — жарақтың түрлері қойылған. Сонымен қатар, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері «Табиғат, палеонтология, археология», «Этнография», «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталатын экспозиция залдарындағы құндылықтармен де кеңінен танысты. Іс-шара соңында, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілік құрамына алғыстарын айтып, мереке күнімен құттықтады.

Гүлнар Айткұлова – сержант: Бүгін біз отбасымыз және әріптестерімізбен бірге тарихи — өлкетану мұражайына саяхат жасадық. Бұл жерде көптеген тарихи құндылықтарды тамашалап, оның шығу жолдары туралы көп ақпаратқа қанық болдық. Рухани орда ой-өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Бүгінгі «Тарихқа тағзым» күні балаларыма және өзіме өте қызықты өтті.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*