Түлкібас ауданы Полиция бөлімінің кеңейтілген жедел кеңесінде 2024 жылдың 6 айының қорытындысымен атқарылған жедел-қызметтік жұмыстары бойынша жеке құрам арасында жиналыс өтті.
Жиында төрағалық еткен полиция бастығы Бекарыс Талғатұлы қатысушыларға ауданда криминогендік ахуал тұрақты болғанын, жалпы қылмыс саны былтыр 131-ден биыл 102-ге, яғни — 22,1 пайызға азайғанын жеткізді.
Ауданда қылмыстың төмендеуі байқалған мысалы үшін;
Ұрлық қылмыстар саны – 39,3 %, 28-ден 17-ге төмен.
Жалпы жиында барлық сала бойынша қызмет нәтижесі қаралды. Жиын отырысында алдағы уақытқа міндеттер айқындалды. Бөлім басшысы жеке құрамға қылмысқа қарсы күресті күшейтуді, алдын алу жұмыстарын жандандыруды, азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды тапсырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуді, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жүйесін жаңғыртуды, «Қарасора» іс-шарасында есірткінің таралуына тосқауыл қоюды және интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жандандыруды тапсырды.