Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Алимент пен айыппұл бойынша 153 млн теңге қарызы бар жүргізушіні полиция анықтады

Алимент пен айыппұл бойынша 153 млн теңге қарызы бар жүргізушіні полиция анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізуде.
Мәселен кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар “Ravon Nexia R3” автокөлігіне қатысты дабыл түсті.
Белгілі болғандай, жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды.
Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды.
Айта кетсек, соңғы айда түркістандық полициямен «Қорғау» бағдарламасымен айыппұлы төленбеген 100-ге жуық автокөлік анықталып, айыптұраққа қойылған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*