Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің (бұдан әрі — Департамент) қызметіне тексеру жүргізу кезінде кәсіпкерлік субъекттісін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін анықтады.
Мәселен, «Сайрам тазалық» ЖШС-ін (бұдан әрі — Серіктестік) Департамент ӘҚБтК-нің 344-бабының 3-бөлігі бойынша (қалдықтарды түгендеу туралы есепті ұсынбау фактісі бойынша) орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде 738 400 теңге (200 АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартқан.
Өз кезегінде, Серіктестік 369 200 теңге (100 АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген шағын кәсіпкерлік субъекттісіне жатады.
Осылайша бизнес субъектісінің құқықтары бұзылған.
Сол сияқты Департамент тарапынан Серіктестік ӘҚБтК-нің тағы бірнеше баптарымен (326-баптың 1-бөлігі, 325-баптың 1-бөлігі, 326-баптың 1-бөлігі) негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.
Табиғат қорғау прокуратурасының шаралары бойынша уәкілетті органның барлық заңсыз актілерінің күші жойылды.
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы