Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Облыс прокуратурасында 6 айда атқарылған жұмыстың қорытынды жиыны өтті

Облыс прокуратурасында 6 айда атқарылған жұмыстың қорытынды жиыны өтті

Бүгін Түркістан облысының прокуратурасында ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы және алға қойған міндеттерді белгілеу туралы Бас Прокурордың орынбасары Ж.Өміралиевтің қатысуында алқа мәжілісі өтті.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде 208 мыңнан астам азаматтардың құқықтары қорғалды, мемлекет кірісіне 658 млн теңге қаржы өндірілді, 380 млн теңге құрайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.
22 млрд теңге құрайтын жобаларды жүзеге асырушы 10 инвестордың және 2 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында облыс аумағында криминогендік ахуал тұрақтанып, қылмыстық жағдай төмендеді.
Облыс прокуроры М.Тлеубердиев азаматтардың, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қылмыстылықтың алдын алу шараларын қабылдау, оның ішінде алаяқтық және есірткі қылмыстарымен күресті күшейту қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс соңында барлық прокурорларға жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, түбегейлі шешімдер қабылдау туралы тапсырма берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*