Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЕР АДАМ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЕР АДАМ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданының патрульдік полиция қызметкерлері мас халде көлік тізгіндеген ер адамды анықтады. Мәселен күнделікті қызмет атқару барысында кешкі уақытта аудан көшелерінің бірінде қауіпсіздік белдігін тақпай жол ережесін бұзып келе жатқан «Audi 100» маркалы автокөлігін байқап, оны тез арада тоқтатты.
Тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған 43 жастағы жүргізушіні тексеру барысында автокөлікті мас күйде басқарғанын анықтады.
Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*