Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЕСЕПТЕГІ ЭЛЕМЕНТ» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЕСЕПТЕГІ ЭЛЕМЕНТ» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Сайрам Ауданы Полиция Басқармасының бастамасымен, Сайрам ауданы аумағында ағымдағы жылдың 29 шілде — 03 тамыз аралығында «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – қылмыстылықтың алдын алу, жедел ахуалды жақсарту, Ішкі Істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде, өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтауға бағытталған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және сотпен белгіленген міндеттерді орындамаған, шектеулерді бұзу дәйектері орын алған азаматтарды әкімшілік қадағалау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тұлғалардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау жұмыстарын қамтамасыз етуді көздейтін шарада пробациялық есептегі азаматтардың үй-жайлары, отбасылық қарым-қатынастары бақылауға алынған.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Ішкі істер органдарының есептерінде тұратын адамдарды, яғни бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастарды, әкімшілік қадағалау белгіленген, «педофил» және «психикалық мекемелерде есепте тұратындарды өз мекен жайлары бойынша тексерумен қамту.
Есірткі құралдарын, атыс қаруын, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізу, қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау, жол жүрісіне, әсіресе қала сыртындағы автомобильдік жолдарға бақылау жүргізу, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асыру болып келеді. Сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жолда абай болуларын ескертеміз.
Атқарылған бұл жұмыстар сотты болған азаматтардың құқық бұзушылық әрекеттер жасамауға, қылмыстық жазаны өтеп жатқандығын сезіндіріп, заңға бағынушылық мінез құлыұты қалыптастыруға тәрбиелейді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық шара 2024 жылғы 3 тамызға дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*