«Діни экстремизмнің алдын-алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру болып табылады.
Кездесуді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып, келген қонақтарды таныстырды.
Кездесу барысында сөз кезегін алған Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дуйсенов Асхат әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан керағар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін атап өтті. Мекеме қызметкерлеріне деструктивті діни ағым өкілдерінің іс-әрекеттері және де олардың формалары жайында мол мағлұмат берді.
Кездесу барысында сөз кезегін алған Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Ажибай Дияна дін адамзат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді.
Кездесу соңында мекеме қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы діни білім алу өте қауіпті екені түсіндіріліп қандайда бір дінге қатысты мәселе туындаған жағдайда арнайы Түркістан облысының «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог мамандарымен байланыс орнату қажет екенін түсіндірілді. Мамандар қызметкерлер пікірін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.
Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп болып табылады. Экстремизм – бұл кез-келген, тіпті ең тұрақты және гүлденген қоғамды сілкіндіретін өте үлкен қауіп. Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады. Мұндай профилактикалық жұмысты жастар арасында жүргізу өте маңызды, өйткені әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі антиәлеуметтік және қылмыстық топтардың теріс әсеріне ұшырау тұрғысынан бұл ең осал болып табылатын орта.
Жастардың әлеуметтік және материалдық сенімсіздігі, бағалау мен пайымдаудағы жиі максимализм, психологиялық жетілмегендік, басқалардың пікіріне айтарлықтай тәуелділік – бұл радикалды идеялардың жастар арасында оңай таралуының негізгі себептері. Әрине, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мұндай құбылыстардың салдарын жоюға қарағанда әлдеқайда тиімді.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, олардың қаупін барынша азайту ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл үдеріс күннен –күнге қарапайым халықтардың арасында үрей тудырып, ұрпақ келешегіне алаңдаушылық тудырып отыр. Экстремизм-мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту, конституциялық құрылымды мойындамау, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға, билікті заңсыз басып алуды ашық түрде насихаттау арқылы жүргізіледі. Ұлттық тіл, дін, нәсілдік, діни алауыздық, бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады. Жалпы алғанда, экстремизмнің қай түрі болсын, тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің тұтастығына, азматтардың құқықтары мен бостандықтарына үлкен қауіп төндіреді. Жат ағым өкілдерінің көксегені — сіздер секілді жастардың санасын дін атын жамылған теріс ойлармен улап, болашағына балта шабады. Өз мақсаттарына пайдаланатын қолшоқпар ету ғана.
Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден — ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде тыныш әрі мамыражай, бейбіт күндердің сақталуы үшін әрбіріміз бір кісідей экстремизмге қарсы тұруға тиіспіз!
Ата — бабаларымыз кең далада өмір сүрген де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы — әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Патриоттық рухата өсуін қамтамасыз ету жан – жақты қарастырылған.
Діни экстремизм дiни өшпендiлiк пен алауыздықты, атап айтқанда зорлық-зомбылыққа үгіттеу арқылы халық арасындағы алауыздықты қоздырады, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануы мүмкін. Терроризм бұқаралық және саяси маңызды құбылыс ретінде қоғамда жекелеген топтардың мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмән келтіруімен және сол арқылы өздерінің мақсаттарына жету үшін террорды қолданатын қауіпті әрекеттерді ақтап алады.
Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында терроризм қатерінің өрши түсуі жағдайларындағы мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы әлемнің дамыған елдердің бірі ретіндегі одан әрі дамуы мен қалыптасуы оның күші мен қабілеттігінің өлшемі болып белгіленді. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік саласында неғұрлым түрлене бастаған және үлкен қауіптілік көздері тарапынан болатын сындар мен тәуекелдердің жаңа спектрін бастамашылдық етеді. Осымен діни экстремизм мен терроризм қатерлерінің жүйелі алдын алу аясындағы міндеттердің күрделілігі мен өзектілігі негізделген.
Осы жағдайларда қолданыстағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесі жеке адамды, қоғамды және мемлекетті экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қатерінен сенімді қорғау тетігін құру аясында одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырып отырғаны жасырын емес. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленеді. Радикалды идеялардың дамуының жаңа кезеңінің бастауы экстремистік топтардың үгіт-насихат жұмыстарының киберкеңістікке ауысу үдерісі болып табылады.
ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Бұл құбылыс ақпаратты онлайн таратудың тиімділігі мен ыңғайлылығына, географиялық шоғырлануына қарамастан ауқымды аудиторияны қамту мүмкіндігіне байланысты.
Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды қатарына тарту үшін бүгінде барлық қол жетімді мүмкіндіктер қолданылуда: әлеуметтік желілер, тақырыптық форумдар, мессенджерлер, онлайн ойындар және т.б. Жарияланатын ақпарат белгілі бір мақсатты аудитория (жабық чаттар және әлеуметтік желілердегі топтар), сондай-ақ пайдаланушылардың кең ауқымы үшін дайындалады. Онлайн кеңістігіне көшуге байланысты экстремистік мазмұндағы ақпараттық-насихаттық материалдардың жарияланатын контентінің сапасы мен санының артуы байқалады.
Экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа факторлардың әсерінен берік идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған жастар санаты (18-29 жас аралығында) болып табылады. Жастардың интернет арқылы радикалдануы жаһандық үдеріс, оның аясында әлеуметтік желілер зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылады. Әлеуметтік желілер мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз аудиториясының негізгі қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес материалдар дайындайды (жоғары сапалы аудио-бейне контент, мемдер, комикстер, суреттер, өлеңдер және т.б.).
Бұл сын-қатерлер мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан жүйелі шешімдердің қабылдануын талап етеді. Жаңа технологиялардың даму ғасыры жастар арасында онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады.