Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Абдрахманов Бахтияр Уралбаевич әкімшілік құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік құндылықтарын сақтауы, ұжымда жағымды атмосфера құру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен жауаптылығы, міндеттемелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған жиналыста, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық, мемлекеттік лауазымды адамның қызметтiк мiндеттерiне орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатыны, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, әдептілік құндылықтарын сақтау, ұжымда жағымды атмосфера құру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен жауаптылығы, міндеттемелері, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, ойын мекемелеріне барудан тартыну, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, мекеме басшыларына қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу туралы кеңінен түсіндірілді.