Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу» кезеңі тікелей эфирде өтті. Бұл өз кезеңінде ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін қолға алынған бастама. Кезекті әңгімелесу кезеңінде 26 білім беру мекемесіне 29 үміткер қатысып, сұрақтарға жауап берді.
Ашық форматтағы конкурстың қорытынды кезеңінде комиссия төрағасы сайланбалы түрде Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрпейісов Жандос Саттарұлы тағайындалды. Бұл да тікелей эфирде жүргізілді.
Ал, комиссия мүшелері сыбайластық тәуекелдердің алдын-алу мақсатында конкурстық комиссияның құрамына ұдайы өзгерістер енгізіліп отырады. Комиссия ашық дауыс беру тәртібімен дербес шешім қабылданды. Нәтижесінде, 8 білім беру мекемесіне бірінші басшы оң нәтиже алды.
Конкурстық комисия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бір бақылаушы алдын ала өтініш жазып, конкурсты бастан-аяқ қалай өткенін бақылады.