Гендерлік саясатты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен аудандық «Шапағат» әлеуметтік көмек көрсету ортылығы КММ-сі «Әлеуметтік психологиялық сүймелдеу қызметі» секторының ұйымдастырумен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесiн зерттеу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда жаднамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқықтары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу, қоғамдық өнегелігі мен тұрмыс қажеттілігіне байланысты құқықтық актілердің мөлшерінің талаптары туралы ақпараттар түсіндірілді.
Сонымен қатар, профилактикалық шара кезінде полицейлер, тұрғындарға заң тұрғысынан толыққанды түсіндіріп, қандай да бір кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда бірден полицияға хабар берулерiн ескертті.
Ал, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сонымен қатар, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша “Шапағат” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында психологиялық және құқықтық көмек әйелдерге көрсетілді.