Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Шаһардағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесіндегі ретсіз жарнамалар түзетіліп, кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына атсалысқан табиғат жанашырларының айтуынша, әрбір жеке тұлға тазалықты өз ауласынан бастауы қажет. Үйден шыққан қоқысты арнайы орындарға тастап, қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыруға үлес қосуы тиіс.
Возможно, это изображение 7 человек, улица и дорога
Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Осыған байланысты қаламызда апта сайын жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*