Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали мен қалалық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Берік Дүйсенов ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында онлайн режимде кездесу өткізді.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс аясында өткізілді.
Алғашқы сөз кезегін алған Департамент басшысы А.Жұмағали сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақытылы алдын алудың маңыздылығын атап өтті.
«Бұл жиындардың басты мақсаты өздеріңізге белгілі, әрбір салада жемқорлыққа жол бермеу, осы мәселелерді түбегейлі шешу болып табылады. Атап өткен жөн, қазіргі таңда жемқорлықты жою үшін кешенді шаралар атқарылуда» — деді Асхат Жұмағали.
Сонымен қатар, ол Агенттікпен қолға алынған жобалармен таныстырып, барлық жобаларды біріктіретін «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына, Инспекциямен тығыз жұмыс жасап отырғандығына тоқталды.
Шараға қатысқан Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы егжей-тегжейлі баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесін, жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің жаңа тетігін, хабардар етушілерді көтермелеу жүйесіндегі өзгерістерді, мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.
Өз кезегінде қалалық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Берік Дүйсенов ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен жоспарларымен, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе жүргізілетін жолдағы қабылдаулармен бөлісті.
Шара соңында Департамент басшысы Асхат Жұмағали мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет екендігін айтып, осынау міндетті адал, әділ атқаруға шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*