Республикалық “Amanat”партиясының бастамасымен, облыстық, аудандық, ауылдық филиалдарының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12-16 тамыз аралығында Бірінші Мамыр ауылдық округінде өткен “Қарызсыз қоғам” оқу-семинары мәресіне жетті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Келесі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатындағы оқу-семинары 2024 жылдың 19-23 тамыз аралығында Ленгір қаласындағы №2 Мектептің спорт залында өтеді.
© Jetpisbai.kz