Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданы аумағында тазалық шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданға қарасты 1 қала, 12 ауылдық округіндегі елді мекендерде жол бойы, халық көп шоғырланатын орындарда сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында аялдамалар сырланып, қураған шөптер орылды. Сондай-ақ, акция аясында егілген көшеттерге күтіп баптау жұмысын жалғасын тауып, жол бойы жабайы шөп, тікендерден тазаланды. Барлық елді мекен атаулары мен көше аншлагтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында тұрғындардың, еріктілердің қатысуымен аптаның кез келген күні тазалық шаралары ұйымдастырылып, барлық ауылдар, әрбір үйдің аулалары, көше бойлары, саябақтар мен гүлзарлар, өзен жағалаулары тазартылуда.
Возможно, это изображение 5 человек, трава и дерево
Тазалық шашылмаған жерде ғана сақталатынын ескерсек, ауданға келіп демалушылардан күл-қоқысты кез келген орынға тастамау қажеттігін ескертеміз. Тазалық — ортақ іс, баршамыз экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтайық!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*