Оқу жылының басталуына байланысты, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдарының аумақатарында полиция департаментімен зерделеу жұмыстары жүргізілді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесімен қаладағы 150 мемлекеттік мектептердің алдында жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі сызылған жолақтарды жаңартуға және тиісті жол белгілері мен техникалық құралдарды орнатуға қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нұсқамалар жолданды. Қазіргі таңда берілген нұсқамалардың негізінде барлық мемлекеттік мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілер жолақтары жаңартылды.
Сонымен қатар, полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, оқу жылының басынан барлық мектептердің алдарында оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер үш ауысымда кезекшілік ететін болады.
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
© Jetpisbai.kz