
Қала әкімі биыл жол жөндеу, көшелерді жарықтандыруда, жалпы, инфрақұрылымды жақсарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқанына тоқталды. Мектептер мен жылу маусымына дайындық шаралары да қызу атқарылуда. Бұл орайда мәслихат депутаттарының да еңбегін атап өткен Ғ.Әбдімәжитұлы қаланы гүлдендіру, халыққа қолайлы жағдай жасау — ортақ міндет екенін айтып, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын игілікті істердің жалғасатынын жеткізді.