Қаратау оуылдық округіне қарасты Ақсүмбе елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елді мекен ішіндегі көшелер мен тұрғын үй, мекеме аулаларын ретке келтірді. Тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Жол бойындағы негізсіз өскен шөптер мен қураған ағаштарды отап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына 30-қа жуық жергілікті тұрғындар қатысты. Тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылып, 1,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.
© Jetpisbai.kz