Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкент қаласында биыл 5 айда 203,7 млрд теңге инвестиция тартылған

Шымкент қаласында биыл 5 айда 203,7 млрд теңге инвестиция тартылған

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық — инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясын өтті. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлы үшінші мегаполистегі аталған сала бойынша атқарылған жұмыстар мен нәтижелер бойынша БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Ермек Полатұлының сөзінше, 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4% құраған. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңге болған. 2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2 %-ға артуы күтілуде. Қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Онда жаңа 30 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.

Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. 2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылғанын айтты басқарма басшысы. «ТАССАЙ» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды. 1. «Shymkent-Reklama» ЖШС – жарнамалық құрылымдар өндіру және қызмет көрсету, 2. инвестициялық құны – 100 млн теңге, 10 жұмыс орындарын құрумен. «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағы жалпы аумағы 306 га. Бүгінгі таңда «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы. Аймақта инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 га құрайды. Ағымдағы жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*