Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «НҰРСӘТ» АЛЛЕЯСЫ ТАЗАЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ: «НҰРСӘТ» АЛЛЕЯСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Игі істер марафоны» жобасының экологиялық аптасы аясында Қаратау ауданында орналасқан Нұрсәт аллеясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулыйтын шара, жыл бойына жалғасын табады. Қала тазалағына ерекше мән беретін еріктілердің бұл жұмысына тұрғындар дән риза. Сондай-ақ, тазалыққа жауапты мамандар да өз алғыстарын білдіруде.
Жастар ресурстық орталығының Қаратау ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бекарыс Бахадыр Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышарты екендігін айтты.
— Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыталған шара бүгінгі күні халықтың ыстық ықыласын, белсенділігін туғызды. Ал, қаламыздың қай кез болсын мұнтаздай болып тұруына тазалақшылардың еңбегі зор. Дегенмен, дәстүрге айналған тазалық жұмыстарына ерікті жастар және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері өзіндік үлесін қосуда,-дейді Бекарыс Бахадыр.
Жастар “Нұрсәт” аллеясындағы ағаштарды әктеу, сырлау және шашылған қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласында экология департаментімен Республика көлемінде кең ауқымда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза жағалау» атты іс-шара өтті.
Акция мақсаты — өзендер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстардан тазарту. Бұл бастама су ресурстарының экожүйелерін қалпына келтіруге және су объектілерінің тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын болдырмауға бағытталған.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Экология департаменті және Тұран ауданынң әкімдігінің атсалысуымен, Бадам өзенінің бойын қалдықтардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазаланған аумақ-3500 кв метр, шөп орылған аймақ- 2100кв метр, қатысқан адам саны -55, шығарылған қоқыс — 14 тонна.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*