Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҚСАРТУ МІНДЕТТЕРІ ЖҮКТЕЛДІ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҚСАРТУ МІНДЕТТЕРІ ЖҮКТЕЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстары мен жол құрылысы нысандарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, қабылданған қаулыға сәйкес, биыл шілдеге дейін жалпы 198 жер учаскесінің алаңы 137 га мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар заң шеңберінде тиісті талаптарға сәйкес жалғасуда.
Сонымен қатар мәжілісте құрылыс заттары сатылатын орындарды қала сыртына көшіру, базарларды жаңғырту, қала тазалығы, жәндіктерге қарсы залалсыздандыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстары да пысықталды.
Қала әкімі сала басшыларына құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды қадағалап, құрылыс мәдениетінің сақталуын назарға алуды тапсырды.
Қала әкімі аудан және тиісті сала басшыларына тазалық шараларын жүйелі атқаруда, залалсыздандыру жұмыстарын күшейтуде бірқатар тапсырмалар берді. Көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылап, халықпен кері байланысты жақсартуда да жауаптыларға міндеттер жүктелді.

Сонымен бірге,

Қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерде жол таңбалары сызылуда. Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167 шақырымы жүргізілген.
Олар:
1.Арғынбеков көшесі
2. Сыпырған ата көшесі
3. ⁠Адырбеков көшесі
4. ⁠Бәйтереков көшесі
5. ⁠Қазыбек би көшесі
6. ⁠Бәйдібек би — Төлеметов көшелерінің қиылысы
7. ⁠Төлеметов — Сырым батыр көшелерінің қиылысы
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*