Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 15 ГЕКТАР ЖЕР ТАЗАЛАНДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 15 ГЕКТАР ЖЕР ТАЗАЛАНДЫ

ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы Шымкент қаласын кең ауқымда жалғасын тауып жатыр. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті жә­не азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Жалпыұлттық акцияға «AMANAT» пар­тиясы атсалысып, өз үлесін қосып жатыр.
Атап айтқанда бүгін республикалық «Таза бейсенбі» акциясы Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында өтті. Бос жатқан 15 гектар жердің тазалық жұмысына Қаратау ауданының әкімі мен белсенді жастар, сондай-ақ, «Аманат» партиясының депутаттары қатысып, көше бойларын тазалау, қураған шөптерді жұлу, қоқыстарды шығару жұмыстарына атсалысты.
Қаратау ауданының құрметті азаматтары мен ақсақалдары да іс-шарада бой көрсетті. Қаратау аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есембекұлы бата беріп, өңір тазалығын сақтауға үлес қосқан жастарға алғысын жеткізді.
Шымкент қаласы Аманат партиясының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, партия мүшелері әр апта сайын, бейсенбі күндері, бекітілген аумақтарда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ететіндігін айтты.
— Партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ауқымды міндеттер тұр. Бүгінде аумақтарды, өзен-көл­дер­дің жағалауларын тазарту, қаланың көшелерін көгал­дандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алдыңғы бейсенбілікте 13 гектар жерді, бүгін 15 гектар жерге тазалық жұмыстары жүргізілді. Тек тазалық ғана емес, жастардың ауызбіршілігі, ұлттық сана-сезімі арта түскен акция жыл бойына жалғасын табады», – деді Мұрат Жолдыхожаев.
Сонымен қатар, тұрғындарға ауланы таза ұстау, көше бойына қалдықтарды тастамау бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*