Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.

Мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.

Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жыл­ға дейін ауыл халқын сапалы ауыз су­мен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Шымкент қаласының әлеумет­тік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр.

Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков бұл мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес.

Қалада қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 1 елді мекен кестемен (Құрсай) қамтамасыз етілуде. 2022 жылы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып келген болатын (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары).

2022 жылдың қорытындысымен қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылу және қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жеткізу көзделді.

2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған.

Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды.

Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*