Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП, БІРҚАТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП, БІРҚАТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүйесін жақсарту мақсатында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауларында және азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын.
Қаланың инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру – өзекті саланың бірі екені даусыз. Бұл бағытта көлік құрылымын, оның ішінде қоғамдық көлік қызметін заманауи үлгіде қалыптастыру – жауапты сала мамандарының ұдайы назарында.
Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар маңызды ұсыныстар талқыланды.
№16 автобус маршрутының сызбасы: 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес ұзартылды.
№66 автобус маршрутының сызбасы: Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды.
№71 автобус маршрутының сызбасы: Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды.
№70 автобус маршрутының сызбасы: Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды.
№69 автобус маршрутының кестесі: Жұмыс күндері 13 автобус, демалыс және мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды.
№139 автобус маршрутының сызбасы: Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өзгертілді.
Бұл өзгерістер қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге және көлік қатынастарын жақсартуға бағытталған. Қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы тұрғындардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жасалды және олардың қоғамдық көлікке деген сенімін арттырады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға зор үлес қосады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*