Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ, ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ, ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Қазіргі таңда Қаратау ауданындағы табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 % құрайды. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары.
Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.
Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын табиғи газбен қамту 2025 жылдың жоспарына енгізілген.
Ал аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстары бойынша: Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы (көп қабатты үй аумағында 5 аула) мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарда.
Аудан аумағында жалпы 595 көше бар. Оның 125 көшесі жарықтандырылған. Қамту көрсеткіші 21 %. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 19 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылса, тұрғындар тарапынан 18 көше жарықтандырылған.
2024 жылы дейін аудандағы 266 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, жарықтандырумен қамту көрсеткіші 68 % құрайды. Аталған жұмыс Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылады.
Жолдар құрылысы Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса, 20 шақырымды топырақ көшелер құрайды.
2024 жылы аудан аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, барлық көшелерде жұмыстар басталған және аудан әкімі аппаратының тұрақыт бақылауына алынған. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*