Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ САЙ ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ САЙ ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Шымкент қаласы Қаратау ауданында көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан осы жылы 130 бейнекамера орнатылады. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғанатын болады.
Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен, 595 көше, 29762 жеке тұрғын үй, 603 көп қабатты үй бар.
– Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189-ы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында 21 балалар ойын алаңы, көп қабатты үй аумағында 5 аула мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарда бар. Сондай-ақ, аудан аумағындағы орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданды, – дейді Ерлан Нұрланұлы.
Қаратау ауданы аумағында тұрғындардың сұранысы мен өтініштеріне сәйкес барлық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Алдағы уақытта да ауданның бес жылдық даму жоспарына сәйкес ауқымды жұмыстар жалғасатын болатынын айтқан Ерлан Бекназаров жалпы ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілгенін айтты.
Еске сала кетсек, Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атауын танымал жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт қойған. Аудан аумағына 28 елді мекен мен мөлтекаудан енген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*