Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкент: Әл-Фараби ауданында жөндеуден кейін жаңа цифрлық кеңсесі ашылды

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жөндеуден кейін жаңа цифрлық кеңсесі ашылды

«Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жөндеуден кейін жаңа цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда қала тұрғындары 1200-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады.

Цифрлық кеңселердің кәдімгі Халыққа қызмет көрсету орталығынан басты айырмашылығы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың болуы және қызмет көрсетудің заманауи тәсілі. Мәселен, жаңғыртылған ХҚКО-да жөндеу жұмыстары жүргізілді, жиһаз және кеңсе техникасы ауыстырылды.

Сонымен қатар, цифрлық форматтағы кеңсе кайдзен тұжырымдамасы негізінде жұмыс істейді. Цифрлық кеңсе заманауи құрылғылар мен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін түрлі-түсті аймақтарға бөлінген. Жаңа ХҚКО-да ресепшн, дайын құжаттарды беру, «жылдам» қызметтерді көрсететін жылдамдық аймағы, өзіне — өзі қызмет көрсету аймағы, e-Otinish беруге арналған орын сияқты өзгеде аймақтар қарастырылған. Сондай-ақ, цифрлық кеңседе клиенттер «байланыс және ену» аймағында кез келген қажетті мемлекеттік қызметті өз бетінше ала алады. Бұдан басқа, бұл аймақтарда қызметкерлер клиенттерге цифрлық сауаттылықты үйретеді.

Айта кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта 12 халыққа қызмет көрсету орталығы бар, оның ішінде 4 мамандандырылған ХҚКО және бір көші-қон қызметтерін көрсету орталығы жұмыс істейді. Барлық орталықта көлік тұрағы және мүкіндігі шектеулі жандарға арналған шақырту қоңыраулары мен жайлы пандустар қарастырылған.

Анықтама үшін: Әл-Фараби аудандық ХҚКО Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі, 13 «А» мекенжайында орналасқан.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*