Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құраған

Шымкентте аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құраған

Шымкент қаласында ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы баяндалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың I жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Сүлейменов Нұржан Тілеуқабылұлы баспасөз брифингі барысында аталған сала бойынша БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Спикердің айтуынша, 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департаментпен барлығы 54 аудиторлық іс-шара өткізілген, оның ішінде жоспарлы -7, жоспардан тыс – 47 іс шара. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Сүлейменов Нұржан Тілеуқабылұлы баяндады.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құраған, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша барлығы 31,6 млрд теңге бұзушылықтар анықталған. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 292,7 млн теңге бюджетке өтелуге жатады, ал 19,7 млрд теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Қабылданған шаралармен бұзушылықтардың сомасынан 39,2 млн. теңге бюджетке өтелсе, 19,5 млрд теңге қалпына келтірілген. Бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 44 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*