Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ, Жиделі, Қызылжар, Құрсай, Ақтас шағын аудандарының және Рысқұлов пен Байтұрсынов көшелерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл кездесуде қала тұрғындары жолдарды асфальттеу, кеңейту, спорт және балалар алаңдарын салу, жер учаскелерін заңдастыру сияқты маңызды мәселелерді талқылады.
Жиделі шағын ауданының тұрғындары білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігі, жаяу жүргіншілер өткелінің жоқтығы және шалғай көшелерде жарықтың болмауы сияқты проблемаларды көтерді. Әкім осы мәселелерді шешу үшін тиісті басқармаларға тапсырма берді, әсіресе балабақша мен мобильді медициналық пункт салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Қызылжар шағын ауданында тұрғындармен кәріз жүйесін жүргізу, қоғамдық көлік маршруттарын ұзарту және көшелерді абаттандыру мәселелері талқыланды. Ал Рысқұлов пен Байтұрсынов көшелері, Құрмет шағынауданы және Ақтас тұрғын алабындағы тұрғындар жасыл желек, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, тротуарлар мен аялдамаларды орналастыру сияқты мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында суару жүйелері, мәдениет үйінің құрылысы, балабақша, электр энергиясы және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Ғабит Сыздықбеков тұрғындардың ұсыныстарын мұқият тыңдап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудан әкімдеріне жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру және жергілікті маңызы бар көшелерге коммуникациялар жүргізу бойынша міндеттер жүктеді.

Сонымен бірге, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізген болатын.

Кездесуде тұрғындар аулаларды абаттандыру, қоқыстарды жинау, жер учаскелерін заңдастыру, кәріз жүйелерін жүргізу және көшелерді, саябақтарды жарықтандыру мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, жасыл желектерді суару, жүйелерінің жағдайын жақсарту, жол жөндеу, саябақтар мен гүлзарларда пандустар орнату туралы өтініштер айтылды.
Елтай және Тоғыс тұрғын алаптарының тұрғындары жаңа мектеп пен мәдениет үйін, сондай-ақ спорт кешенін салу қажеттілігін атап өтті. Қала әкімі бұл өтініштерді ескеріп, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қарастыруды тапсырды.
Елтай тұрғын алабындағы азаматтар жаяу жүргіншілер өткелін салу, бейнебақылау камераларын орнату және балабақша қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін де көтерді. Ал Айнатас шағын ауданының тұрғындары жаңа мектеп салу және қоғамдық көлік қозғалысын реттеу туралы өтініштерін жеткізді.
Қала әкімі барлық ұсыныстар мен өтініштерді назарға ала отырып, өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*