Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР НЫСАНДАР ҚАЛА МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР НЫСАНДАР ҚАЛА МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуіне байланысты, көптеген нысандар Түркістан облысының балансына өткен болатын. Алайда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар маңызды нысандарды қайта қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келіссөздер жүргізді.

Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері арасында арнайы Жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта, оның алғашқы кезеңі аясында 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары басталды. Олардың ішінде Тәуке хан даңғылы мен Республика даңғылындағы әкімшілік ғимараттар, Әл-Фараби алаңындағы кітапхана, Қазыбек би көшесіндегі облыстық филармония, үш тілде оқытатын Маржан Тасова атындағы мамандандырылған мектеп-интернат және Абай ауданындағы темір жол желісі бар.

Келіссөз барысындағы шаралар қала бюджетіне түсетін салмақты азайтуға және үнемделген қаржыны Шымкент қаласының дамуына бағыттауға мүмкіндік береді. Орталық саябақта орналасқан «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты да қаланың коммуналдық меншігіне беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы жаңадан салынып жатқан ғимараттарға көшіріліп, босатылған нысандар қала балансына біртіндеп берілетін болады.

Айта кетейік, жуырда ғана Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» технопаркі мемлекет меншігіне өтетіндігі хабарланған еді. Шымкент қалалық сотының қаулысы түпкілікті дайын болғаннан кейін, Әкімдік тарапынан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында ҚР Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес, заңсыз салынған құрылыстарды өз есебінен бұзу арқылы жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап-арыз сотқа жолданатыны жөнінде хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*