Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫС КӨЛЕМІ АУҚЫМДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫС КӨЛЕМІ АУҚЫМДЫ

Шымкент қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Қала жолдарын сапалы әрі уақытылы жөндеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қаланың көше-жол желісін дамытуға, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау және және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бүгінгі күні жаңа жолдардың құрылысы, реконструкция, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, бағдаршам орнату, жол белгілерін орнату, жол жолақтарын сызу, аялдама орнату, ITS бағдарламасын енгізу бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтар болсақ:
Жаңа жолдардың құрылысымен 10 нысан немесе 29,4 км жол құрылысы жоспарланып, ағымдағы жылы 6 нысан немесе 21,8 км жолды пайдалануға беру жоспарланған. (Қонаев даңғылы 2,6, кезеңдері, Қызылсай кірме жолы, Өтегенов көшесі 1,2 кезеңдері, Оңтүстік айналма жолы).
Жолдарды реконструкциялаумен 6 нысан немесе 24,9 км жолдарды реконструкциялау жоспарланып, ағымдағы жылы 2 нысан немесе 3,7 км жолды пайдалануға беру жоспарланған. (А2, 4 және 8 кезеңдері).
Жолдарды күрделі жөндеумен 2 нысан 17 км жоспарланып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Юсупов,Тамшыбұлақ, Ізенді, Жаңа қоныс және Ю. Сареми көшелері).
Жолдарды орташа жөндеумен 345 көше немесе 235,6 км жолдарды жөндеу жоспарланып, бүгінгі күні 185 көше немесе 123,3 км жолдарға жөндеу жқмыстары жүрізілуде, қалған 160 көше немесе 112,3 км жолға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жыл қорытындысымен 215 көше немесе 137 км жолдарға асфальтбетон қабаты төселіп пайдалануға беріледі. 2024 жылдың қорытындысымен аудандар кесіндісінде бұрынғы шағалтасты 133 км жолымыз асфальтбетонды қабатқа айналатын болады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*