Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ауданның шаруа қожалық басышалыр және жеке кәсіпкерлерімен инвестиция тарту мақсатында жиын өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Мақтаарал Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение один или несколько человек
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берліген болатын. Ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері аудан әкімі Б.Насырханұлы бастаған жеке кәсікперлер және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Андижон, Ферғана облыстарында болып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын.
Іс-сапар барысында бір қатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысып, біргелікте жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында ауқымды жиналыс өткізілді.
Жиын барысында аудан әкімі Б.Асанов көрші мемлекеттің тәжірибесін ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын, аяқ киім тігу, жихаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстар атқаруымыз қажеттігін айтып өтті. Сондай-ақ, жиын барысында іс-сапармен барып қайтқан кәсіпкерлер және маслихат депутатары да өз ойларын жеткізді.
Возможно, это изображение 7 человек
Халықтың сұранысына сәйкес, алдағы уақытта инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округі аумағында түрлі кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлерді жинап қажетті мамандардың қатысуымен жиі жиындар ұйымдастыру сұралды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*