Осы жылдың 1 наурызынан бастау алған мектеп оқушылары арасындағы — «Шымкент жастар лигасы» «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол» сынды 3 спорт түрі бойынша өтуде. Жарыс 1 маусымға дейін жалғасады.
Бүгінде Абай ауданы бойынша «Баскетбол» спорттық ойыны түрінен №54, 86 мектептерінің спорт алаңшасында 35 команда бақ сынасып, №23, 33, 42 және №2 «Дарын» мектептері ширек финалға жолдама алды. Ал, Әл-Фарби ауданындағы №8, 11 мектептерінің спорт алаңшасында 23 команда ойнап жатса, футболдан «БИІК» және ФЦ «Ордабасы» стадионында 21 команда бақ сынасуда. Еңбекші ауданындағы 29 команда волейболдан №24, 36 мектептерінің спорт алаңшасында жарысса, Қаратау ауданы осы спорт түрі бойынша №130, 135 мектептерінің спорт алаңшасында 35 команда бақ сынасып, №89, 131, 68, 113 мектептер ширек финалға жолдама алды.
Қатысушы командалар арасында 4 команда түрлі себептермен ойынға келмей жеңіліс алса, 2 команда білім беру мекемелерінің корантиндік аймаққа түсуіне байланысты ойыннан шеттетілді. Бұдан бөлек, ойын барысында волейболдан №65 мектеп №25 мектеп командасында бөгде адам ойнағандығы туралы арыз түсіп, арыз бойынша №25 мектеп команда мүшелерінің құжаттары қайта қаралып талап арыздары негізсіз деп танылды.
Қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған шара спорттың 4 түрі бойынша өтеді. Төрт ауданнан лигаға қатысуға 140 жалпы білім беру мекемесінен 571 команданың қатысуына өтініш білдірген. Сәйкесінше 8 569 оқушылардың бос уақыты тиімді пайдалануына ықпал етуде. Комадалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 денешынықтыру мамандары жұмылдырылды.
Бүгінде командалардың ойын кестесі, жеңімпаз командалар, күнделікті жаңалықтар туралы мәліметтер @shymkent_jastar_league әлеуметтік желісінде жариялануда. Ойыншыларды қолдау бойынша фан-клуб топтары жасақталуда. Бүгінде 140 топ құрылды. Жоспар бойынша 151 білім беру мекемесінде фан-клуб тобын жасақтау көзделіп отыр.
Жастар лигасының екінші кезеңінде қыркүйек – қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында ұйымдастыру жоспарлануда.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топқа алғыс хат пен бағалы сыйлық беріледі. Ал, әр спорт түрінен бас жүлдені алған мектепке «Шымкент – қайырымды қала» қорынан 20 млн теңге табысталмақ.