Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылыту маусымы ұзартылды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі. Сәуір айының алғашқы күндерінде синоптиктердің болжауынша ауа температурасы түнде төмендеуі күтілуде. Осы себепті қала әкімінің өкімімен жылыту маусымы ұзартылып, бесінші сәуірде тоқтату туралы шешім шығарылды. Бұл жөнінде қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.
Олардың айтуынша, мәслихат қабылдаған жылыту маусымын өткізу ережесіне сәйкес жылыту маусымын 23 наурызда тоқтату керек болған. Бірақ, денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің өтініштері мен қаладағы карантинге орай және ауа температурасының төмендеуіне байланысты ұзартылып отыр.
Ауа — райының төмендеуіне байланысты сақтық шараларын естен шығармай, карантин талаптарын қатаң сақтауды естен шығармаған жөн.
Ережеге сәйкес, ауа — райы бес тәулік бойы +8 градус және одан жоғары болған жағдайда жылыту маусымы тоқтатылуы тиіс. Айта кетейік, 2020 жылы жылыту маусымы бірінші сәуірде тоқтатылған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*