Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 5 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ТЕҢГЕРІМІНЕ ӨТКІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ 5 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ТЕҢГЕРІМІНЕ ӨТКІЗІЛУДЕ

Мәдени іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты. Басқарманың 7 айда атқарған қызметіне есеп берген Бауыржан Орынбасарұлы қаланың мәдени-рухани жаңалықтарымен бөлісті. Атап айтқанда музейлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында «Шымкент қаласының музейлер бірлестігі» құрылуда.
-Республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында жеке қызмет еткен бірнеше музейлер біртұтас жүйедегі қызметке әлдеқашан көшірілген. Осыған орай, қалалық музейлерді біріктіре отырып «Шымкент қаласының музейлер бірлестігін» құрудамыз.
Өзге өңірлерде мәдени көпшілік іс-шараларды Халық шығармашылық орталықтары, Астана қаласында арнайы дирекция ұйымдастырып атқаратыны белгілі. Шымкент қаласында мәдени іс-шараларды ұйымдастыру ұйымы болмағандықтан «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып отыр. Ол мекемеде қаламыздағы өткізіліп жатқан мәдени іс-шараларды қолдау арқылы тікелей әдістемелік көмектер көрсететін болады, — деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, қаламызда жастар театры құрылатын болса жастардың сахна өнеріндегі шығармашылығы дамып, өзіндік стилін, айрықша қолтаңбасын жасап, жаңа бағыт алуға жол ашылары сөзсіз. Осы орайда, «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» мекемесінен жастар труппасын бөліп, «Шымкент жастар театры» болып қайта құрылуда. Онда жас мамандар театр өнерін дамытудың креативті идеяларын іздеу арқылы өздерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыратын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*