Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ​СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

​СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Өтебаева Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысына қатысып, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесін баяндады.

Бүгінде басқарма мен оған қарасты мекемелерге жемқорлыққа қарсы құқықтық сабақтар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жылдық жоспар бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Жоспарға сәйкес, барлық қызметкерге құқықтық сабақтар өткізіліп, құқықбұзушылық жасалған жағдайда орындалатын жауапкершілік жөніндегі ескерту парақшаларымен таныстырылған. Мұндай бағыттағы жиын ай сайын өткізіліп тұрады.

Басқарма мен оған бағынысты орталықтардың алдындағы билбордтарға Антикордың сенім телефон телефон нөмірлерін көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарына арналған пошта жәшіктері оңтайлы жерге орнатылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарманың мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінің қызметтік компюьтерлерге, орталықтардың әр есігіне «Антикор-1424» ескертпелері жабыстырылған.

Одан бөлек, ай сайын Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен басқармада семинар-сабақ ұйымдастырылып, жемқорлықтың көріністерін болдырмау үшін профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп отырады. Қыркүйектің екінші онкүндігінде басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған. Мақсат – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында жемқорлық фактілеріне жол бермеу.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*