Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні мерекесі ретінде тойланады. Оның басты мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту, дәріптеу, отбасынан бастау алатын адамгершілік, қайырымдылық, үлгенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адам жанының асыл қасиеттерін ұрпаққа насихаттау.
Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде мерекеге байланысты әскери қызметшілердің отбасына арнайы мәдени-демалыс шарасы ұйымдастырылды. Мәдени-демалыс шарасы табиғаттың ортасында Шымқаладағы Дендросаябағында өтті. Жауынгерлеріміздің жанұялары үшін ұйымдастырылған шараға бөлім басшылығы мен барлық әскери қызметшілер ұл-қыздарымен, ата-аналарымен, бауырларымен келді.
Алдымен бөлім командирі подполковник Нұрлан Сакибеков барлық әскери қызметшілердің отбасын мерекемен құттықтап, әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік ортада, әскери қызметте үздік, қырағы қызмет атқаруына алдымен отбасындағы ананың, әйелдің ықпалы, көмегі зор екенін айтып оларға үлкен алғыс білдірді.
Отбасындағы татулық пен бірлікті дәріптеуге арналған мәдени шарада әскери қызметшілердің жанұялары арасында спорттық, отбасылық сурет салудан жарыс ұйымдастырылды, өнерлі балалар тақпақ, ән айтып мәз-мейрам болысты.
Шара соңында белсенділік танытқан әскери қызметшілердің отбасына, сайыста жеңімпаз болғандарға және балаларға бөлім командирінің арнайы дипломдары мен сыйлықтар табысталды. Табиғат аясындағы тамаша мерекеге куә болған әскери қызметшілеріміздің отбасы бөлім басшылығына алғыстарын жаудырды. Мәдени демалыс шарасы табиғат аясындағы балаларға арналған мерекелік дастарханмен аяқталды. Айта кетейік бұл игі дәстүр әскери бөлімде жыл сайын жалғасын таппақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*