Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті

Шымкентте іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына қарасты іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңестің жетекшілері мен белсенді мүшелері, Палата қызметкерлері қатысты.

Кеңес отырысында Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Алма Архабаева алғысөз алып, қоғамдастықтың мақсаты, құндылығы мен алдағы жобалар туралы айтып өтті. «Іскер әйелдер кеңесі құрылғалы бергі 10 жылдан астам уақыт ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Бүгінде Кеңесті дәлелдеудің қажеті жоқ, себебі, көпшілік Іскер әйелдер кеңесінің жұмысымен жақсы таныс.

Қазіргі таңда ұйымның жұмысы республикалық деңгейге жетіп, сыртқы нарыққа да шықты, бұл бағытта тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Іскер әйелдер кеңесі елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бастама болумен қатар қоғам өміріне белсенді атсалысып, түрлі оқиғаларға үн қосып келеді, мүмкіндігінше қол ұшын созып келеміз. Уақыт өте келе Іскер әйелдер кеңесінің құрылуы өзін-өзі ақтады деп толық айта аламыз. Енді алдағы уақытқа жоспарымыз көп.

Жуырда Тәжікстанға барып, қазақстандық іскер әйелдер қауымдастығын таныстырдым. Орталық Азия бойынша жақын көршілеріміз «Біздің қазақстандық әріптестерімізден үйренеріміз көп» деп, қызығушылық танытып отыр. Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді. Сондықтан, баршаңызды осынау мерейтоймен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысымызға сәттілік тілейміз!» – деді Алма Нұралықызы.

Кеңес отырысында қаладағы аудандық іскер әйелдер кеңесінің жетекшілері Анна Зарубина, Жанат Кенжеқұлова, Меруерт Архабаева және Фарида Бакибекова атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, биылғы төртінші тоқсандағы Кеңес жобалары талқыланды.

Жиын соңында Іскер әйелдер кеңесінің жаңа мүшелері таныстырылып, алдағы жоспар ретінде Шымкент қаласында Әйелдер бизнес-форумын өткізу туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*