Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну жолымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған.

Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Яғни, ерекше жандар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жеке оңалту парағында бекітілген қызметтерді қолдана алады.

Шымкент қаласында 2024 жылдың  қазір 41 479 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Биыл ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың қажетті құрал жабдықтармен қамтылуы ұлғайды.
Ал, 2023 жылы мегаполисте 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелді. Оның ішінде 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар.
2022 жылы қалада мүгедектігі бар азаматтар саны — 38 880. Оның ішінде І топтағы азаматтар саны- 3 691, ІІ топтағы-15 212, ІІІ топтағы -12 739 адам. Ал, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -7 238.
2024 жылдың басынан бері 4 739 мүгедектігі бар адамға протездік-ортопедиялық құрал берілді. Мұндай құралдар 2023 жылы 1 176 адамға берілген болатын. Өткен жылы сурдо-техникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен 5 190 мүгедектігі бар адам қамтылса, биыл 15 700 адамға жетті.
Тірек-қимыл апаратында бұзылысы бар ерекше жандарға жыл басынан бері 1 017 қол арба берілді. 2023 жылы мұндай қол арба 445 адамға үлестірілген болатын. Сонымен қатар, жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметін осы жылы 2 785 адам пайдаланып отыр. Ал, өткен жылы мұндай қызмет түрі 1 963 адамға көрсетілген еді.
Мүгедектігі бар азаматтарды сауықтыру-шипажайымен қамту бағытында да өсім бар. Өткен 2023 жылы 2 150 мүгедектігі бар азамат сауықтыруға жолданса, биыл 7 166 ерекше жанға шипажай жолдамасы берілді. Сондай-ақ арнайы жабдықталған «Инватакси» қызметіндегі 28 көлік 453 мүгедектігі бар жанға қызмет көрсетуде. Ал, 2023 жылы 350 адам арнаулы көліктің қызметін қолданған еді.
Ал, 2022 жылдың 11 айында айында 55 құралдар түрі мен 3 қызмет түрі бойынша қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс берді. Нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға 28 553 құралдармен қызмет түрі көрсетілген. Атап айтсақ, — протездік-ортопедиялық құралдармен қамтылу көрсеткіші — 4618; — сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен қамтылғандар — 986; — мүгедектер арбасын алушылар — 1122; — жеке көмекшінің, ымдау тілі мамандарының қызметтері — 397.
Аталған қызмет түрлеріне азаматтар өтініштерімен Халыққа қызмет көрсету орталығына, «Электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыс абоненттік  құрылғысы арқылы-проактивті қызметіне жүгіне алады. Сонымен қатар, әрбір мүгедектігі бар адам «Әлеуметтік қызметтер көрсету порталында» электрондық цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы жеке кабинеттерінде өз таңдауларын жасап, тапсырыс беруге мүмкіндіктері бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*