Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЗАҢСЫЗ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

ЗАҢСЫЗ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Жалпы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызмет.
Ескере кететін жәйт еліміздің аумағындағы миссионерлер жыл сайын жергілікті атқарушы органдарда қайта тіркеуден өтуге міндетті.
Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тіркеуден өткеннен кейін миссионерлік қызметті жүзеге асырады. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес, миссионерлер тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдарға келесі құжаттар мен материалдарды ұсынады:
Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш.
Паспорттың көшірмесі (Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін).
Діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған).
Миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
Миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.
Дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың көшірмесі (бар болса).
Және миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді Діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдар құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
Миссионер өкілдік ететін діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат.
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруы.
Уәкілетті орган миссионерлік қызметті қай кезде тіркеуден бас тартады:
Біріншіден, дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
Екіншіден, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет;
Үшіншіден, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда жазылған деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігін анықтау;
Төртінші себеп, мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы;
Бесінші себеп, ақпарат және азаматтық қоғам саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
Алтыншы себеп, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.
2011 жылғы заңға сәйкес миссионерлерге қойылатын талаптар:
• Миссионерлік жүргізу үшін ең алдымен мемлекеттік тіркеуден өтуі керек;
• Миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетін және діни мазмұндағы өзгеде ақпараттарды, діни мақсаттағы заттарды ұсыну шарт болып табылады жүргізу;
• Миссионерлік қызметтері тек құзыретті органдар рұқсат берген жерлерде ғана жүрғізуі керек;
• Діни жоралғыларды немесе миссионерлік әрекеттерді ғибадат үйінен тыс жерлерде өткізу үшін. Құзыретті органдарға алдын ала хат жолдауы керек. Ол хатта сол іс шарада қанша адам қатысатындығы және қанда діни әдебиеттер қолданылатындығы, қанша уақыт болатындығы жайлы деректер көрсетілуі керек.
Миссионерлердің қандай қызметі заңбұзушылық болып есептеледі:
1) жергілікті атқарушы органдарда тіркеуден өтпей заңсыз миссионерлік қызмет жүргізу, белгілі бір діни бірлестіктің немесе бір топ азаматтардың ортасында дінге шақыру фактілері жатқызылады.
2) миссионерлік визаны ресімдеуден бас тартып, Қазақстан аумағына шетелден келіп, жасырын негізде миссионерлік қызмет жүргізу фактілері де заң бұзуға негіз болып саналады.
3) белгілі бір діни бірлестіктердің жиындарында кәмелет жасқа толмаған жас балаларға олардың ата-аналары не заңды өкілдерінің келісімінсіз діни үгітнасихат дәрістерін, уағыздарын жүргізген жағдайда тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы жауапкершілік қарастырылған.
Қорыта айтқанда Қазақстан аумағында Заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан азаматқа ҚР ӘҚБтК-ның 490-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан азаматтарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға айыппұлға қоса еліміздің аумағынан шығарылып жiберілетін әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған.
Ж.Жорабек
«Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу»
бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*