Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Отбасы дұрыс қоғамның бастауы

Отбасы дұрыс қоғамның бастауы

Отбасы – қоғамның ең маңызды діңгегі. Бұл діңгектің мызғымас мықтылығы ұлт пен мемлекет іргесінің беріктігігін көрсетеді. Олай болса, ұлт пен мемлекеттің діңгегі ешқашан көзден таса қалмауы тиіс. Адамзаттың нұрлы болашаққа қол жеткізуіне үлес қосу үшін әр адамның арманы, алдында қойған мақсат болуы тиіс. Бұл кезегінде үлгілі жеке тұлға мен өнегелі отбасының қалыптасуына байланысты.
«Отбасы – тәлім-тәрбиенің ең алғашқы ошағы, өскелең ұрпақтың алтын ұясы». «Отбасы тәрбие негіздеріне құрылмаса, қоғамнан ізгіліктің иісі аңқымасы анық». Әсіресе, күллі адамзаттың қамын жейтін ұрпақтың тәрбиесі сөз болғанда, оған кез келген отбасының үлгі бола алмасы, белгілі Кемел ұрпақ өсіру үшін алдымен үлгілі (идеал) отбасы қажет.
Отбасының маңыздылығы кез келген қоғам немесе ел іргесінің берік болуы ер мен әйелдің өзара тілек қосып көтерген шаңырағынан, яғни отбасыдан басталады, сондықтан ең бірінші тәрбие отбасыдан басталуы тиіс. Сонда ғана тәрбие жұғымды, нетижелі болмақ. Егер отбасында тәрбие болмаса, қоғамның алға басуы, мүмкін емес. Адамды жетілдіруде тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге отбасы ошақ қасынан бастау алса жемісті болмақ.
Отбасында, жақсы тәрбие алған жан есейе келе алда-жалда қарсы соққан қатты дауылдарға ұрынып, жолдан таймаса, қоғамдық өмірдегі талай келеңсіздіктен көп әсерленбейді, жан дүниесін аман сақтайды. Иә, отбасындағы жетістік-қоғамдық өмірдегі жетістіктің алғашқы баспалдағы.
Ана – ұлтты қалыптастыратын отбасының ең маңызды тірегі. Ана нәрестелердің шат күлкісін кернейтін және бақыт шырағы маздайтын отбасының мәйегі.
Қоғамның ең маңызды тірегі – Отбасы. Бұл тіректің беріктігі ұлттың, мемлекеттің қуаты. Олай болса, ұлт пен мемлекет іргетасының беріктігі жобаның тұжырымдаманың қаншалықты дұрыс жасалғанына байланысты. Сәл бір ағаттық ертең ұлтқа кесірін тигізері сөзсіз. Сол себепті отбасы мәселесіне аса байыпты қарау керек. Ол-аса маңызды мәселе.
Әуелі іс-әрекетімізді толыққанды мінсіз атқаруымыз қажет, содан соң себептер өз ретімен пайда болады. «Себептерді мінсіз орындау тәуекелге кедергі келтірмейді» деген сөздің мәнісі осы, оны ислами ереже деп те атауға болады. Біз отбасы секілді маңызы кем соқпайтын кішігірім мемлекетті құру барысында аталмыш ережелерге бағынуымыз қажет.
Отбасы құндылығын арттыратын игі істердің бірі – ата-ананы қадірлеу.
Ата-анасының батасы мен разылығын алмаған баланың бағы жана қояр ма? Майлықожа жырау:
Қарамай кетсең анаға,
Қаларсың босқа табаға.
Ата-ана көңілін қалдырған,
Баланың бағы жанар ма? – деп жырлаған екен.
Өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы. Сәні мен салтанаты жарасқан, берекелі шаңырық. Берік отбасы – қоғамның тірегі. Отбасы – адам баласының өсіп – өнеге алтын ұясы. Тәрбиенің түп-тамыры отбасынан басталады. Адамды танудың жолы- ол өмір сүрген отбасы.
Отбасының ұстамы ретінде бала бойынан болашақта байқалуы тиіс мәселелер сөз етілуіс тиіс, бала ата-ана болудың қандай міндет екенін сезініп өсуі тиіс.
Түйіндей келе, мұндағы көздеген ойымыз – бала бойына ізгілік пен мейірімділік қасиет дарыту. Бұл жерде де ықпал етудің ең төте жолы ретінде – алдымен өзіміз үлгі өнеге көрсетуіміз керек. Ата-ана – әрі ойшыл, әрі білімі мол тәрбеші деген сөз. Әке мен ана балалардың жай-күйін ойлап, үнемі қамқор болғаны жөн.
О бастан негізі берік болып құрылған және материалдық-рухани жағынан төрт құбыласы түгел отбасы – ұлттың ең мықты іргетасы және абыройлы, ізгі ұрпақ өсірудің қасиетті мектебі. Халық отбасылардан құралады, сондықтан отбасы мықты, берекелі болуы керек. Отбасы бір шаңырақ астында өмір сүретін адамдардың парасат-пайымына қарай отбасы болып саналады. Отбасының әрбір тұрғыны сол отбасындағы адами құндылықтарды қаншалықты жоғары қоятынына қарай бақытты бола алады. Иә, адам отбасымен адам секілді өмір сүрсе, отбасы да өз адамдарымен «үй» болып саналады.
Шаңырақ – кішігірім ел, ал ел – өз кезегінде үлкен бір отбасы. Үлкені-кішілі қандай да бір отбасын мүлтіксіз басқарып, отбасы мүшелеріне адами құндылықтардың дәнін еге білген кісі аз талпыныспен одан да маңызды істерде жетістікке жете алады. Отбасы – қоғамның негізі элементі. Адамдар бір-бірінің құқығы мен міндеттеттеріне қаншалықты құрмет көрсете, қоғам да соншалықты берік әрі салаутты болмақ.
Д. Аманов
Түркістан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*